Жарияланған күні: 01.07.2015 20:08
Өзгертілген күні: 01.07.2015 20:09

    

    Ағымдағы жылдың 29 маусым –3 шілде  күндері Атырау қаласында «МСФООС-қа сәйкес есептеу әдісі бойынша бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» тақырыбына біліектілікті арттыру курсы басталды.

 

Осындай курстар Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау  қалаларында маусым-тамыз айларында өткізіледі. Атыраулықтардан басқа  аталған семинарға Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері қатысады.

Курстарды өткізудің өзектілігімен бухгалтерлік есепті жүргізуде әлемдік стандартты оқытудың, оларды практикалық қолданысқа енгізу, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кірістер департаменттері мамандарының тәжірибесімен алмасуы деп танылады.

Оқыту барысында есептеу саясатымен реттелетін нормативтік-құқықтық актілермен танысатын болады. Курста қаржылық есеп беру, активтерді есептеу, қаржылық қаражатты есептеу тұжырымдамалық негізде берілетін болады, квазимемлекеттік сектор субъектісіне қаржылық инвестицияларды есептеу мәселесі, дебиторлық берешекті есептеу, қорды есептеу, негізгі қаражатты есептеу, инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу, материалдық емес активтерді есепке алу, бағалау және кепілдік міндеттерді есептеу, басқа міндеттерді есептеу, кірістерді есептеу, шығыстарды есептеу, таза активті/капиталды  есептеу, шоғырландырылған қаржылық есептеу және басқалар қамтылған.

Әрбір тақырыпты оқығаннан кейін курсты тыңдаушылар автоматтық режимде тестер мен емтихан тапсырады. Тыңдаушыларға сауалнама жүргізу жоспарлануда. Тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курстарын өткізу қорытындысы бойынша сертификат тапсырылатын болады.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің қолдауымен дайындалаған