Жарияланған күні: 07.04.2023 11:54
Өзгертілген күні: 07.04.2023 11:56

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 118 "Қазақстан Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу белгіленген (ЕЭО СЭҚ ТН  2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 жеңіл   дистилляттар, 2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 авиакеросин и дизельдік отын,  2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 газойлдар,  2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 толуол, ксилолдар , 2713 20 000 0 мұнай битумы).