Жарияланған күні: 13.01.2020 13:27
Өзгертілген күні: 13.01.2020 13:29

Өз қызметкерлері үшін ақы төлеп жүргендердің МӘМС ставкалары ұлғаюда, сондай-ақ қызметкерлер үшін және өздері үшін жарналар пайда болады.

- Жұмыс берушінің жұмыскерлерінде 2020 жылдан бастап аударымдар ставкасы 1.5-ден 2%-ға дейін өседі.
- Егер сіз ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар болсаңыз, онда 2020 жылдан бастап сіз ай сайын 1,4 ЕТЖ-дан 5% ставка бойынша өзіңіз үшін жарна төлей бастайсыз.
- Шаруа қожалықтары 1 ЕТЖ-дан 5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жарналарды 3, 6 немесе 12 айға аванспен төлеуге болады.
- Егер сіз жеке тұлға азаматтық құқықтық сипаттағы шарты бойынша жұмыс істейтін болсаңыз, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын шарттың қолданылу мерзімі ішінде сіздің табысыңыз бойынша 2020 жылы шарт бойынша алынатын табыстың 1%-ын көрсетілетін қызметті алушы (салық агенті) ұстап қалады және аударады.
- Егер сіз жұмыссыз болсаңыз, онда сіз 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 АЕК-нің 5%-ын 2020 жылы өздігіңізбен төлейсіз, бірақ БЖТ қатысушысы ретінде салық есебіне тұру керек және қала үшін 1 АЕК – 2 651 теңге, ауыл үшін айына 0,5 АЕК – 1326 теңге, оған барлық салықтар мен төлемдер кіреді (ЖТС, МЗЖ, әлеуметтік аударымдары, МӘМС).
Барлық жұмыс берушілерге білу маңызды:
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс беруші, аударымдарды төлеуден басқа, қызметкердің жарналар (қызметкердің табысынан) есептеу объектісінен 1% мөлшерінде ұстап және төлеп тұрады;
жарналарды есептеу объектісі есептелген табыс болады;
бұл ретте, жарналарды есептеу үшін алынатын ай сайынғы нысан жеке тұлғаның кірістердің барлық түрлерінің сомасы бойынша есептелуі тиіс және 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс.
МӘМС және ТМККК пакеттері шеңберінде тегін медициналық қызметтер бойынша барлық қажетті ақпаратты білуге болады:
өзінің емдеуші дәрігерінде;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында;
1414 байланыс орталығында;
ӘМСҚ Халықпен жұмыс жөніндегі департаментінде.