Жарияланған күні: 17.11.2020 10:04
Өзгертілген күні: 17.11.2020 10:10
Құрметті салық төлеушілер және СЭҚ қатысушылары!
 
Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы N64 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Атырау облысы Полиция департаменті, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігі қызметкерлерінен құралған мобильді топтың қатысуымен COVID-19 тестілеуінің теріс нәтижесі бар сертификаты жоқ адамдардан тест алу шараларын жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Осыған байланысты, Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Құрманғазы өткізу пунктінде (Котяевка ауылы), ПЦР- анализдерін тапсыруға арналған автокөлік құралына негізделген, мобильді зертхана іске қосылды.
Бұл іс-шаралар өткізу пунктінде үздіксіз жұмысты ұйымдастыру үшін жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта жүк көліктерінің кептелісі жоқ және Құрманғазы өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде.
 
Атырау облысы бойынша МКД