Жарияланған күні: 30.01.2019 15:54
Өзгертілген күні: 30.01.2019 16:12

 

Құрметті Салық төлеушілер!

 

         Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға келесіні ұсынады.

         Қазақстан Республикасының Қаржы министрiнiң 2018 жылғы
19 желтоқсандағы  № 1093 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылдың 20 желтоқсанындағы
№ 17970 санымен тіркелген) сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасынан 104 309 «Елдi мекендердің жерлерiне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» бюджеттік сыныптама коды(БСК) алынып тасталды.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығы бойынша барлық төлемдер «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы» 104302 БСК-ға есептеліп төленетін болады.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер комитетімен 700.00 және 701.01 салық есептілік нысандарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.   

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 «Салық есептілігі нысандарын және оны жасау ережелерін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілгенше 700.00, 701.01 салық есептілік нысандары бекітілген толтыру ережелеріне сәйкес толтырылады, бұл ретте жер салықтарының сомалары біріктірілу арқылы 104302 БСК-ға таратылады. Бұл мүмкіндік техикалық жағынан қарастырылған. 

 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр-бір қазақстандықтың міндеті екенін ескерте отырып, мемлекеттік функцияларды орындауға байланысты қызметкерге сыйлықтар беру - қылмыстық не әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатынын ескертеді.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Өндірістік емес төлемдер бөлімі