Жарияланған күні: 17.04.2018 17:57
Өзгертілген күні: 17.04.2018 17:59

 

Декларацияны кейін табыс етілетін аванстық төлемдер туралы

 

Құрметті салық төлеушілер, 2018 жылға декларациядан кейін табыс етілетін аванстық төлемдер  сомасы бойынша 101.02 нысанды есеп-қибаның табыс ету мерзімі 20 сәуір күні екендігін ескертеміз.

 Салық Кодексінің 305 бабының 5 тармағына сәйкес, декларациядан кейін табыс етілетін аванстық төлемдер туралы есеп-қисап алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі.

Декларациядан кейін табыс етілетін аванстық төлемдер туралы есеп-қисап:

- алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болған;

-  алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайларда ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.

Осылайша, корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзарту құқығын алған салық төлеушілер де 101.02 нысанды декларациядан кейін табыс етілетін аванстық төлемдер туралы есеп-қисабын ағымдағы жылдың 20 сәуіріне дейін табыс етуге міндетті.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 306 бабының 2 тармағына сәйкес, салық төлеушілер Салық кодексінің корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке 305-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешiктiрмей, әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.

ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 278 бабымен көрсетілген әкімшілік жазаны болдырмас үшін, корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есеп-қисаптарын уақытылы және толық көлемде табыс ету керек екендігін хабарлаймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда 30-34-32 нөмірі бойынша түсінік алуларыңыз болатындығын қаперіңізге береміз.

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы