Жарияланған күні: 15.06.2018 13:15
Өзгертілген күні: 15.06.2018 13:29

Кәсіпкерлерге пайдалы кеңестер берілді!

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Кәсіпкерлерге көмекші республикалық орталығы, «Атамекен» ҰКП Атырау филиалы өкілдерімен түсіндіру насихат тобы «Көктем», «Насиха» сауда орталықтарында салық төлеушілермен кездесу ұйымдастырып, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын, Президенттің «бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін, Салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы заңнаманың өзгерістері, ШБС қолдау бағыттарын, сыбайлас жемқорлықпен күрес, электронды сауда мен «Төлемдер мен аударымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен міндеттелген төлемдердi қабылдауға арналған жабдықтың қолдануын («Пост терминал) жұртшылыққа кеңінен жан-жақты түсіндірді.  Кездесуде салық төлеушілер өз сұрақтарына толықтай жауап алды.

Атырау облысы бойынша МКД.