Жарияланған күні: 14.04.2017 18:26
Өзгертілген күні: 14.04.2017 18:37

ҚР ҚМ МКК Төрағасының Атырауға келуі

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы А.М.Теңгебаев Атырау облысында  қызметтік сапармен болу барысында облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде болды. Департаментке келгенде ол «Ақжайық – Кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінің және Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  ақпараттық қабылдау және өңдеу орталығының жұмыстарымен танысты.

Содан кейін А.М.Теңгебаев Департамент басшылары, салық және кеден блогы, Экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшыларымен  өндірістік мәжіліс өткізді. Ол  облыстық  мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс талқылап, кемшіліктерді жою, проблемалық мәселелерді шешу бойынша, және  сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу  бойынша нақты тапсырмалар берді.