Жарияланған күні: 30.03.2021 15:05
Өзгертілген күні: 30.03.2021 15:08

«Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары бойынша Нұсқаулықтар туралы» Кеден Одағының комиссиясының 20.05.2010 жылғы №257 Шешіміне сәйкес зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды ресімдеу барысында кедендік декларацияның 31 және 33 бағандарын толтыруға қойылатын талаптар туралы ақпарат

 

         Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының (бұдан әрі-СЭҚҚ) кедендік декларацияны толтыруға қойылатын талаптарын бекітетін кеден заңнамаларын сақталуын бақылау барысында Мемлекеттік кірістер огргандарымен бірқатар бұзушылықтар анықталуда.    

         Жүргізілген тексерулер барысында кедендік декларацияның 31 бағңанында көрсетілетін мәліметтердің толықтығы мен анықтығына ерекше назар аударылады. Талдау көрсеткендей, СЭҚҚ кедендік декларацияны толтыруға негіз болған тауар туралы мәліметті КД 31 бағанына үнемі енгізбейді, бұл 20.05.2010 жылғы №257 Кеден Одағының комиссиясының шешімімен бекітілген «Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары бойынша Нұсқаулықтардың» ережелерін бұзушылық болып табылады.

         Нұсқаулыққа сәйкес 31 бағанда 1 номерімен тауардың атауы (сауда, коммерциялық немесе өзге де дәстүрлі атау) және тауар өндіруші (ол туралы мәлімет болған жағдайда), тауар белгісі, маркасы, моделі, артикулы, сорты (жеміс-жидек үшін), стандарттары және өзге де техникалық және коммерциялық сипаттамалары туралы мәліметтер, сондай-ақ декларацияланатын тауардың сапалық және сандық құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.  

 

31 баған. «Жүк орындары және тауардың сипаттамасы»

 

http://urist/files/1114/50/19.jpg

 

          Тарифтік емес реттеу және зияткерлік меншік бөлімі нұсқаулыққа сәйкес КД 31 бағанына кеден органдарына өндіріп алу жүктелген кедендік және өзге де төлемдерді есептеу және өндіру үшін қажет декларацияланатын тауар, тыйым салулар мен шектеулерді сақтауды қамтамасыз ету, зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау бойынша кеден органдары қабылдайтын шаралар, идентификация, ЕАЭҚ СЭҚ ТН бойынша он мәнді сынықтау кодының біріне жатқызу, сонымен қатар жүк орындары туралы мәліметтер көрсетілетінін хабарлайды.   

 

33 баған. «Тауар коды»

 

         Сонымен қатар, зияткерлік меншік объектілері бар тауарларды кедендік декларациялау барысында 33 бағанды толтыру міндетті болып табылады.    

         Бағанның бірінші кіші бөлімінде ЕАЭҚ СЭҚ ТН сәйкес он таңбалы тауар коды ашық жолсыз көрсетіледі.

         Бағанның екінші кіші бөлімінде:

         Егер декларацияланатын тауарда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген зияткерлік меншік объектілері және (немесе) объектілерінің белгілері бар болса, «И» әріпі (зияткерлік меншік) көрсетіледі.    

         Бұл ретте, КД 31 және 33 бағандарын толық толтырмағаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

 

 

Тарифтік емес реттеу және зияткерлік меншік бөлімі

Кедендік әкімшілендіру басқармасы

тел. +7 7122 49 01 15