Жарияланған күні: 21.06.2019 09:53
Өзгертілген күні: 21.06.2019 09:59

 

 

Кеден заңнамасына сәйкес шартты түрде шығарылған тауарларды бақылаудың ерекшеліктері.

 

Шартты түрде шығарылған тауарларды бақылаудың заң жүзіндегі нормалары Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 126-бабында, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 202, 400-баптарында қарастырылған.

Шартты түрде шығарылған тауарлардың түсінігі Кодекстің 202-баптың 1-тармағында берілген:

Ішкі тұтыну үшін шығару рәсімімен орналастырылған тауарлар, оларға қатысты:

1) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулермен қатар қолданылған кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер;

2) тыйым салулар мен шектеулерді сақтау Одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарды шығарғаннан кейін расталуы мүмкін;

3) Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберіндегі халықаралық шарттарға немесе Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттарға (мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы туралы халықаралық шарттарға) (бұдан әрі – Еуразиялық экономикалық одаққа кіру туралы халықаралық шарттар) сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылған болса, шартты түрде шығарылған деп саналады.

202-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді беру мақсаттары және шарттары, сондай-ақ осындай жеңілдіктерді қолдануға байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулер сақталуға тиіс.

 Осыған дейін күшінде болған кеден заңнамасында қарастырылмаған ерекшелік, 202-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, осы Кодекстің 40-тарауына сәйкес халықаралық тасымалдау көлік құралдары ретіндегі көлік құралдары болып табылатын шартты түрде шығарылған тауарларды, мұндай пайдалану кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі жеңілдіктерді беру мақсаттары мен шарттарын бұзбайтын болса, сондай-ақ осындай жеңілдіктерді пайдалануға байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша белгіленген шектеулерді сақтамауға алып келмесе, пайдалануға болады.

Шартты түрде шығарылған тауарлар шетелдік тауарлар мәртебесіне ие болады және осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алғанға дейін кедендік бақылауда болады.

202-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарлар қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет тоқтатылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алады.

Тағы бір бұрын болмаған норма бұл – тауарлар шығарылғаннан кейін шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылау ерекшеліктері.

Кодекстің 400-бабына сәйкес, 202-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді беру мақсаттары мен шарттарын және (немесе) кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді қолданумен байланысты осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтау, егер осындай тауарларға қатысты кедендік бақылау жүргізу кезінде кеден органына жиынтығында:

1) көрсетілген тауарлардың кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді беру мақсаттарында және олардың шарттарын, сондай-ақ осындай тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулерді сақтай отырып, пайдаланылуын растайтын құжаттар ұсынылмаса;

2) аталған тауарлар көрсетілмесе не олардың тұрған жері расталмаса, расталмаған деп саналады.

Тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану ерекшеліктерін уәкілетті орган бекітеді.

Тауарлар шығарылғаннан кейін Кодекстің 202-бабының 1-тармағында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты кедендік бақылауды жүргізу мерзімділігін және жүргізуге қойылатын өзге де талаптарды уәкілетті орган бекітеді.

 

Атырау облысы бойынша МКД

Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасы

  Көшпелі кедендік  тексеру бөлімінің бас маманы   

                                       Б.С.Байжанов