Жарияланған күні: 30.04.2021 10:30
Өзгертілген күні: 30.04.2021 10:41

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 30 бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi дара кәсіпкерлік болып табылады.

Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға тыйым салынады.

         Сонымен бірге, Кодекстің 1-бабының 3-тармағымен, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қарастырылған өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады деп қарастырылған.

Армения Республикасының 2014 жылғы  29 мамырдағы ЕАЭО туралы Шартына қосылуы жөніндегі Шартпен (2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 265-V Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2015 жылғы 2 қаңтарда күшіне енгізілген) Армения Республикасы 2014 жылғы 24 мамырдағы ЕАЭО туралы Шартына қосылады, сондай-ақ басқа да жасалған Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде және осы Шарттың 1 қосымшасына сәйкес тізім бойынша Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі халықаралық шарттарға кіретін, аталған Шарттың күшіне енген күнінен бастап Евразия экономикалық одағының мүшесіне айналады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Армения азаматтарының Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқыға бар.