Жарияланған күні: 29.07.2021 13:47
Өзгертілген күні: 29.07.2021 14:03

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден ( ЕЭО елдеріне кірмейтін)  уақытша әкелінген автокөлік иелерінің назарына

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2021 жылғы
5 сәуірдегі № 25 шешіміне сәйкес жеке тұлғалар жеке мұқтаждықтары үшін шет мемлекеттерден уақытша әкелген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында болу мерзімі ұзартылды.

Сондай-ақ, көрсетілген шешіммен Одаққа тұрақты тұруға қоныс аударған адам, босқын, мәжбүрлі қоныс аударушы мәртебесін алған шетел азаматтары жеке мүлкін Одақтың кедендік аумағына 18 ай мерзім ішінде жеңілдікпен бажсыз әкелу мүмкіндігі тоқтатыла тұрады.

Иелігінде көлік құралдары бар жеке тұлғалар үшін теріс қаржылық салдардың туындауына жол бермеу мақсатында Одақтың кедендік аумағынан жоғарыда аталған көлік құралдарын әкетуді бақылау мүмкіндігін және ашық ақпарат көздерінде жариялауды қамтамасыз ету қажет, 2021 жылғы
30 қыркүйекке дейін оларды әкетпеген жағдайда кедендік баждар, салықтар толық көлемде төленуге тиіс.