Жарияланған күні: 17.08.2018 16:19
Өзгертілген күні: 17.08.2018 16:23

 

Қала тұрғындарының назарына!

 

          Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  2015 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізуге жер учаскесін уақытша пайдалануға алған  жеке тұлғалардың назарына береді.      

         Ағымдағы жылдың мамыр айында "Атырау қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған мәліметіне сәйкес, 2015 жылы жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысын жүргізуге  уақытша бөлінген жер учаскелерінің төлемақы сомаларының өзгергендігін мәлімдейді.

Салық заңнамасына сәйкес, мерзiмiнде төленбеген төлемақы сомасына өсiмпұл есептелетіндігі қаперіңізге беріледі.

         Туындаған сұрақтарыңыз бойынша Сатпаев даңғылы,13 үй мекен жайында орналасқан  Атырау қаласының жер қатынастары бөліміне, 27-23-16 байланыс телефонымен хабарласуларыңыз сұралады.

 

Атырау қаласы бойынша  МКБ