Жарияланған күні: 02.06.2017 17:48
Өзгертілген күні: 02.06.2017 17:56

Екінші деңгейдегі банктерде, сондай-ақ  атқарушылық парақтары негізінде борышкер болып табылатын жеке тұлғалардың назарына!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Қазақстан халқына деген Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаларын әзірлеген.

 Осы Заң жобаларының негізгі ережелерін халық арасында түсіндіру мақсатында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2017 жылдың 13 маусымында семинар өткізіледі.

Семинардың өтетін орны:  Атырау облысы бойынша МКД  ғимараты (Абай көшесі, 8). Басталуы:  сағат 10.00

 

Борыштармен жұмыс басқармасы