Жарияланған күні: 20.12.2018 11:30
Өзгертілген күні: 20.12.2018 11:35

Баспасөз –релиз

 

          Атырау облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты жиынға Атырау облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы және орынбасарлары, қызметкерлер, ардагерлер қатысты.

Департамент басшысы Е.Жанбаев қызметкерлерді ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтап  жиналысты ашты. Мереке қарсаңында Департаментіміздің ерекше қызметімен көзге түскен мамандары елеулі еңбек еткендері үшін Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, облыс әкімшілігі  мен  департамент  басшылығы тарапынан марапатталды.

         Егеменді еліміздің болашағы – жас ұрпақтар. Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отанға, халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ояту мақсатында шарамыздың арнай қонақтары кішкентай бүлдіршіндеріміз қатысты.

Мереке қарсанында арамызда қаржы саласы үшін еңбегін сіңірген  әріптестеріміз З.Сарсенованы және Б.Кауменовты зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарылып, алғыс хатпен және естелік сыйлықтар табыс етілді, басқарма басшылары К.Жардемов және Л.Қуанышқызы жылы лебіздерін айтты.

Салтанатты іс-шара мерекелік концертімен аяқталады.