Жарияланған күні: 21.11.2018 13:41
Өзгертілген күні: 21.11.2018 13:44

Балықшы және Жұмыскер ауылдық округтерінде лицензиялық төлемақының сомасы өзгерді

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, төмендегідей хабарлайды.

Атырау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 наурыздағы №54 Атырау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №196-VI «Атырау облысы Атырау қаласының кейбір ауылдық округтері мен ауылдарын тарату туралы» бірлескен қаулы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылы 10 сәуірде №4096 болып тіркелген) сәйкес, Атырау қаласының аумағына Ақжайық, Водниково, Құрсай, Көкарна ауылдарымен Балықшы ауылдық округі және Жұмыскер, Рембаза ауылдарымен Жұмыскер ауылдық округтері таратылып, қазіргі кезде олар Атырау қаласының құрамдас бөлігі болып табылады.

Осыған байланысты, алкоголь өнімдерін сақтауға, бөлшек саудада сатуға берілген лицензиялар үшін жыл сайынғы төлемақының (105 434 БЖК) айлық есептік көрсеткіші, 2018 жылғы 24 сәуірден бастап астанада, республикалық маңызы бар қалалар және облыс орталықтары мөлшерімен, яғни 100АЕК-пен (240500 теңге) есептелетіндігін хабарлайды.

Алкоголь өнімдерін көтерме және/немесе бөлшек саудада жүзеге асыратын тұлғалар, жыл сайын жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға берілген лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Толық ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27-кабинет) немесе 30-35-32 телефоны арқылы білуге болады.