Жарияланған күні: 10.05.2023 19:29
Өзгертілген күні: 10.05.2023 19:30

Атырау облысының 25 мыңға жуық тұрғынының мүлік пен көлік салығы бойынша жалпы сомасы 580,2 млн.теңгеге, оның ішінде көлік бойынша 549,6 млн. теңгеге қарыздары бар.

Берешек сомасы 1 айлық есептік көрсеткіштен асатын борышкерлердің тізімдері өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберілетін болады.

Заңнамаға сәйкес жеке сот орындаушылар банктік шоттар және мүлікке тыйым салуға құқылы.
 
Сондай-ақ, 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын берешек сомасы қалыптасқан кезінде Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салынуы мүмкін.
 
Бұдан басқа, жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа берешек сомасының 25 пайызына дейінгі мөлшерде қосымша ақы өндіріп алады.

Салықтар бойынша берешектің болуы/болмауы туралы мәліметтерді e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының → Электрондық сервистер → салықтық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі → ЖСН енгізу көмегімен тексеруге болады.