Жарияланған күні: 19.09.2019 15:28
Өзгертілген күні: 19.09.2019 15:31

 

Атырау облысы бойынша МКД call-центр қызметкерлерімен 8 ай ішінде азаматтардан 1236 сұрақ бойынша қоңырау қабылданды.

Байланыс орталығына хабарласқан азаматтар салық берешегі, салық төлеушілерді тіркеу, көлік құралдарына салынатын салық пен салықтық берешегі туралы ақпараттарға қызығушылық танытады. Сондай-ақ, қоңырау шалушылар салық есептілігі нысандарын толтыру және алу ережелері туралы жиі сұрайды.
2019 жылдың 6 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде салық және кеден мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы «1414» жұмыс істейді.
Атырау облысы бойынша МКД байланыс орталығына сіз жұмыс күндері 9.00-18.30 аралығында 8(7122) 30-33-29, 31-84-27, 76-68-98 нөмерлері арқылы тікелей қоңырау шала аласыз.
Сонымен бірге, Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері тарапынан заңсыз немесе басқа іс-әрекеттер жасалса, сіз сенім телефонына хабарласуға құқығыңыз бар екенін назарға саламыз: 8(7122) 451512 немесе Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мына мекен-жай бойынша: Азаттық даңғылы 94 а.
Сонымен қатар, Telegram каналы (https://t.me/dgd_atyrau) арқылы онлайн режимде сұрақтарыңызға жауап алуларыңызға болады.

Атырау облысы бойынша МКД баспасөз қызметі