Жарияланған күні: 25.06.2019 15:48
Өзгертілген күні: 25.06.2019 16:53

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасының ұйымдастыруымен Махамбет ауданында семинар өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Салық және Кеден» заңдылықтарындағы өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, бюджет көздерін толықтыру, салық салу базасын кеңейту, көлеңкелі экономикаға қарсы ынтымақтастық, цифрландыру мен ШБС дамытудағы қолдаулар жөнінде деректер берілді. Сонымен қатар, "Чек талап ет-сыйлықты ұтып ал" Акциясының откізіліп жатқаны жұртшылық назарына жеткізіліп, оның тәртібімен шарттары туралы толық ақпарат кеңінен таратылды. Тақырып бойынша бейне роликтер пен слайдтар түрінде мағлұматтар көрсетіліп, жан-жақты талқыланды.

Кездесуге аудан тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық қауымдастықтар, мемлекеттік мекемелер, БАҚ мамандары, құқық қорғау органдары мен ШБС өкілдері қатынасты. Семинар соңында салық төлеушілер мен қатынасушылардың көкейкесті сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.

Атырау облысы бойынша баспасөз-қызметі