Жарияланған күні: 19.09.2019 16:00
Өзгертілген күні: 19.09.2019 16:22

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Н.Сарманов 2019 жылдың 16 қыркүйегінде әдеп талаптарының бұзылуының алдын алу және басшылардың әдептілік деңгейін арттыру мақсатында облыс, қала ұжымының қызметкерлерімен семинар - кеңес өткізді.
Семинар- кеңес аясында Н.Сарманов басшылардың өз қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетін кемістушіліктің және қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру қажет екендігін жеткізді.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын талаптар жоғары екендігін, осыған сәйкес мемлекеттік органдарға сенімнің деңгейін көтеру, қоғамда мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру мақсатында бекітілген әдеп кодексінің талаптарын сақтауға, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлерге адал, әділ, қарапайым болуға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға шақырды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 29 тамыздағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қабылданған №23 шешімінде көрсетілген ұсынымдарды таныстырды. Сондай-ақ, «Мәселенің шешілуін қасақана шегеру жемқорлықтың бір белгісі!» - мақаласын талқылады.
Жиын соңында халықтың мемлекеттік органдарға сенімінің дегейін көтеру, олармен байланысты нығайту үшін мемлекеттік қызметшілердің қызметін насихаттау және қоғамда мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыруға ұсыныс пен пікірлер білдірілді.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.