Жарияланған күні: 15.01.2018 17:15
Өзгертілген күні: 15.01.2018 17:16

 

 

Алкоголь өнімдеріне

лицензиялық төлемақының төлеу мерзіміндегі өзгерістер

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңының (Салық кодексі) 555-бабы 1-тармағына сәйкес жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы), тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі және алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде алынады.

Лицензиялық төлемақы әр қызмет нысанына төленіп, көтерме сатушыларға 200 АЕК-ті (481 000 теңге) құрайды, ал бөлшек сатушыларға әкімшілік-аумақтық бірлігіне байланысты сараланады:

  • Облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК (240 500 теңге);
  • Ауылдық жерлерде – 20 АЕК (48 100 теңге).

Лицензиялық төлемақы 105402 БСК-на төленеді.

Төлемақы төлеушілер төлемақы сомаларын өзінің тұрған жері бойынша ағымдағы жылғы 25 наурыздан, 25 маусымнан, 25 қыркүйектен және 25 желтоқсаннан кешіктірмей тең үлестермен жыл сайын төлейді.

Толық ақпаратты Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акциздерді әкімшілендіру бөлімінен (27-кабинет) немесе  30-35-32 телефоны арқылы білуге болады.