Date of publication: 22.12.2020 18:51
Date of changing: 22.12.2020 18:55

2020 жылдың 16 қарашасында «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу және олардың құжат айналымы бойынша пилоттық жобаны іске асыру ережелері мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің №1104 бұйрығына (бұдан әрі – Ереже) қол қойылды.

         Питлоттық жоба Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылады:

         - акцизделетін өнімдерге, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 1 наурызына дейін әкетуге;

         - 2020 жылғы 31 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 1 мамырға дейін виртуалды қойма арқылы электрондық шот-фактуралар шығаруға жататын тауарларға;

         - ДСҰ тауарлар Тізімі үшін 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап 2021 жылғы 1 шілдеге дейін.

         Сондай-ақ, Ереженің 18-тармағына сәйкес, ТІЖ алушысы ТІЖ тіркелген күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ арқылы ТІЖ-ты растайтынын немесе қабылдамайтынын хабарлаймыз.

         Пилоттық жоба салық төлеушілерді ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімдеу және техникалық және әдістемелік мәселелерді анықтау мақсатында басталады.

         ТІЖ - бұл Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ЭСФ АЖ «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде электронды түрде ресімделетін жүк құжат.

 

         Егер ТІЖ тіркеу және техникалық мәселелер бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 1414 байланыс орталығына немесе тіркеу орны бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына хабарласуыңызға болады. Техникалық қолдау мекен-жайы: esfsd@mgd.kz. Сонымен қатар, Telegram желісі @snt_import-export жұмыс істейді.

 

 

 

Атырау облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаментінің

Экспорттық бақылау басқармасының