Date of publication: 20.12.2020 14:21
Date of changing: 20.12.2020 14:25

Салықтық рақымшылық аясында Атырау облысының тұрғындары

208 234 мың.теңгеге жуық қарыздарын өтеді, 23 204 мың. теңгеге жуық өсімпұл есептен шығарылды.

        Өз мүмкіндіктеріңізді пайдаланыңыздар, Атырау қаласының тұрғыны өзінің көлік құралдары  бойыша негізгі берешек сомасын 1 692 625 теңгесін бюджетке төледі және  оның берешек сомасына есептелген өсімпұл сомасы  988 000 теңгесі есептен шығарылды.

МКД жыл соңына дейін салықтар бойынша негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша рақымшылық қолданылатынын еске салады.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады. Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды.

Салықтар бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web  сілтемесі бойынша, сондай-ақ eSalyq mobile (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

 

Құрметті салық төлеушілер өз мүмкіндікдеріңізді пайдаланып үлгеріңіздер, Салықтық рақымшылық науқанының аяқталуына 17 күн қалды.