Date of publication: 03.05.2016 11:29
Date of changing: 03.05.2016 13:47

      2016 жылдың 28-ші сәуірінде  Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қоғамдық-консультативтік кеңес (бұдан әрі - Кеңес)  отырысы өтті. Департамент басшысы  Мади Такиев  2016 ж. І тоқсандағы жұмыс атқарылған жұмыстар туралы  ақпарат берді.

Түсіндіру жұмыс басқармасының  басшысы  Юсупов Б.Д. Кеңес  мүшелерінің құрамына енгізілген өзгерістер және кеңес мүшелеріне біріккен Салық және кеден кодексінің жобасы туралы хабарлады.

Атырау облыстық жұмыс берушілер және кәсіпкерлер одағының төрайымы Беккужиева А.Б. «Электрондық  (интернет)  сауда бойынша жалпы сұрақтар (тіркелу, салық салу және т.б.) туралы» баяндама жасады.

«Онлайн» түрінде ақпаратты қабылдайтын және жолдайтын бақылау-кассалық машиналарын қолдану туралы»  Атырау қаласы бойынша МКБ-ң басшысының орынбасары  Шанаев Б.Ө. баяндады.

Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бөлім басшысы Қабдрахманова Г.Қ. «Мүлікті жария ету барысы және жалпыға бірдей декларацияландыру туралы» ақпарат берді.

Кедендік бақылау басқармасының бөлім басшысы Якудин Қ.Б. «Темір жол арқылы тасымалданатын тауарларды алдын ала хабарлау туралы» айтты.

Борыштармен жұмыс басқармасының бөлім басшысы Унгарова Э.С. «Оңалту және банкроттық туралы заңнамаға енгізілген өзгерістерімен» таныстырды.

Салық және кеден саласындағы құқық бұзушылық басқармасының басшысы Жаңбырбаев С.М.  осы салалардағы жүзеге асырылған жұмыстар туралы баяндады.

Ішкі  қауіпсіздік басқармасының басшысы Занканов З.К.  «Сыбайлас жемқорлықпен сындарлы күрес шаралары туралы» баяндады.

Соңында кеңес мүшелері өзара пікір алмасып және одан әрі жұмыс жоспарларын анықтады.

Түсіндіру жұмыс барқармасы