Date of publication: 25.02.2020 17:59
Date of changing: 25.02.2020 18:04

        Мемлекеттік басым міндеттердің бірі салық салуды анық және сауатты басқару болып табылады. Салық салу- мемлекеттің ежелгі функциясы  және қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму жолындағы негізгі шарттардың бірі. Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты- көлеңкелі экономикамен, сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржы қызметі және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 03.07.2019 жылғы №262-VI ҚРЗ Заңымен ЖБД-ға кезең-кезеңмен көшу көзделген.

         Бірінші кезеңде, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларация шеңберінде декларация ұсынады; жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары; «ҚР-ғы сайлау туралы» ҚР-ның Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «ҚР-ғы банктер және банк қызметі туралы», «сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» ҚР-ның заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар.

       Екінші кезеңде, 2023 жылдың 1қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер қызметкерлері және олардың жұбайлары және де квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары ұсынады.

        Үшінші кезеңде, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары және де жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары;

       Төртінші кезеңде, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты декларация ұсынады.

        Жалпыға бірдей декларациялау енгеннен кейін декларацияны: ҚР кәмелетке толған азаматтар, оралмандар және ыхтиярхаты бар адамдар, кәмелетке толмаған адамдар- тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі, олардың атына тіркелген мүлік,банк шоттарда ақша сомасы, дебиторлық берешек және (немесе) кридиторлық берешек болған жағдайда; шетелдіктер- Қазақстан аумағында мүлкі немесе тұрғын үй құрылысында қатысу үлесі болған жағдайда табыс етеді.