Date of publication: 13.02.2020 19:08
Date of changing: 13.02.2020 19:09

Шығу туризімі бойынша шот-фактураны жазып беруге қатысты

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің (Салық кодексі) 381-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қалған жағдайларда, осы баптың 1 – 14-тармақтарының ережелеріне қарамастан, өткізу бойынша айналымның мөлшері туроператордың шығу туризмі бойынша қызметтері көрсетілген кезде – туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және тұру, оның ішінде егер осындай тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердің құны арасындағы оң айырма ретінде.

Салық кодексінің 412-бабы 9-тармағының сәйкес салық төлеушілер  шот-фактурада немесе Салық кодексінің 400-бабының 1-тармағында көзделген өзге де құжатта:

1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) сомасын;

2) салық салынбайтын, оның ішінде ҚҚС-нан босатылған айналымдар бойынша – «ҚҚС-сыз» деген белгіні көрсетеді.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, туроператорда туристік өнімді өткізген жағдайда өткізу бойынша айналым туындайды, оның мөлшері Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI Кодексінің (Салық кодексі) 381-бабы 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес аңықталады. Егер ҚҚС соммасы нөлге тең болса, ҚҚС соммасы да нөлге тең болады.

Бұл ретте, шот-фактурада 8 бағанда ҚҚС-сыз өткізу құның барлық соммасы көрсетіледі, 11 бағанда туристік өнімді өткізу құны мен жолаушыларды сақтандыру, тасымалдау және тұру, оның ішінде егер осындай тамақтану құны тұру құнына енгізілген болса, тамақтану бойынша көрсетілетін қызметтердің құны арасындағы оң айырма ретінде аңықталатың айналым құны көрсетіледі, ал 14 бағанда өткізілген турөнімнің ҚҚС-мен құны көрсетіледі          (8 баған + 13 баған).

Егер шығу туризімі бойынша агенттік келісімшарты бұйыру келісімшартына сәйкес болса

 Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1999 жылғы                  1 шілдедегі (ҚР АК) 846-бабы 1-тармағына сәйкес тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдірілген өкiл жасаған мәмiле бойынша құқықтар мен мiндеттер тiкелей сенiм бiлдiрушiде пайда болады.

Өз кезегінде, ҚР АК 849-бабы 1-тармағына сәйкес, сенім бiлдiрушi, егер шартта өзгеше көзделмесе:

1) сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тапсырманы орындау үшiн қажеттi қаражатпен қамтамасыз етуге;

2) сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тапсырманы орындау үшiн қажет болған шығындарының орнын толтыруға мiндеттi.

Өз кезегінде, ҚР АК 849-бабы 2-тармағына сәйкес, сенiм бiлдiрушi шартқа сәйкес сенiм бiлдiрiлген өкiл орындағанының барлығын кешiктiрмей қабылдауға мiндеттi.

Өз кезегінде, ҚР АК 849-бабы 3-тармағына сәйкес, сенiм бiлдiрушi тапсырманың орындалуы бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлге ҚР АК                850-бабының ережелерiне сәйкес сыйақы төлеуге мiндеттi.

Өз кезегінде, ҚР АК 850-бабы 1-тармағына сәйкес, егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi.

Салық кодексінің 374-бабы 1-тармағының сәйкес, сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сенім білдірілген өкілдің сенім білдіруші үшін сатып алынған тауарларды сенім білдірушіге беруі, сондай-ақ сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі сенім білдірілген өкілдің өткізу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.

Салық кодексінің 381-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, өткізу бойынша айналымның мөлшері мыналарда сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен тауарларды өткізген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші үшін сатып алған тауарларды сенім білдірушіге берген, сондай-ақ сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен үшінші тұлғамен жасасқан мәміле бойынша осындай үшінші тұлғаның сенім білдіруші үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде – тапсырма шартында көзделген сыйақы мөлшерінде, оған ҚҚС-ғы қосылмай айқындалады.

Салық кодексінің 418-бабы 2-тармағының сәйкес, тапсырма шартына сәйкес келетін талаптарда өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураны жазып беруді – сенім білдірілген өкіл, ал Салық кодекстің 374-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда,  10 Салық кодекстің бөлімде айқындалған тәртіппен сенім білдіруші жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғанның негізінде, егер туристік өнімді өткізу бұйыру келісімшартына сәйкес  өткізілсе, туристке шот-фактураны жазып беру туроператормен (сенімгермен) жүзеге асырылады, ал турагент (сенім жүктелген) шот-фактураны өзінің сыйақы соммасына жазып береді.

Егер шығу туризімі бойынша агенттік келісімшарты коммисия келісімшартына сәйкес болса

Өз кезегінде, ҚР АК 865-бабы 1-тармағына сәйкес, комиссия шарты бойынша бiр тарап (комиссионер) екiншi тараптың (комитент) тапсыруы бойынша сыйақы үшiн комитент есебiнен өз атынан бiр немесе бiрнеше мәмiле жасауға мiндеттенедi.

Өз кезегінде, ҚР АК 866-бабы 1-тармағына сәйкес, комитент комиссионерге сыйақы төлеуге, ал осы тараудың 868-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда шартта белгiленген мөлшерде қосымша сыйақы төлеуге де мiндеттi. Егер шартта бұл мөлшер көзделмесе және оның талаптарының негiзiнде оны белгiлеу мүмкiн болмаса, сыйақының мөлшерi ҚР АК               385-бабының 3-тармағына сәйкес белгiленедi.

Салық кодексінің 375-бабы 1-тармағының сәйкес, мыналар комиссионердің өткізу бойынша айналымы болып табылмайды:

комитенттiң тапсырмасы бойынша комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізуі, жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі;

комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі;

осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі.

Салық кодексінің 381-бабы 9-тармағының сәйкес, комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, комиссионердің комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін талаптармен комитент үшін сатып алынған тауарларды комитентке беруі кезінде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасасқан мәмiле бойынша осындай үшінші тұлғаның комитент үшін жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комиссионердің өткізу бойынша айналымының мөлшері мынадай сомалардың бірінің:

оған ҚҚС-ғын қоспай оның комиссиялық сыйақысының;

бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде айқындалады.

Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшасына сәйкес,  тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті көзделген ҚҚС-ғын төлеушілер, салық кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, ҚҚС-ғын төлеуші болып табылмайтын комиссионер. 

Осылайша, егер туроператор (комитент) ҚҚС төлеушісі болып табылса, турагент (комиссионер) туристке электрондақ шот-фактураны жазып беруге міндетті. Егер туроператор (комитент) ҚҚС төлеушісі болып табылмаса, туритке электрондақ шот-фактураны жазып беру міндеті, турагент (комиссионер) ҚҚС төлеушісі болып табылған жағдайда ғана туындайды.

Бұл ретте турагент (комиссионер) өзінің сыйақысын өткізу бойынша айналым ретінде танығанына қарамастан, ЭШФ-да турөнімнің құңы мен сыйақы құны көрсетіледі.