Date of publication: 30.01.2020 17:33
Date of changing: 30.01.2020 17:34

Мемлекеттік органның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

 

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген  елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді.         

Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекетік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері бекітілген. Аталған заңнамаларда көрсетілген заңдылықтарға қарсы әрекеттерді жүзеге асырған кез-келген азамат тиісті қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Және де бұл заңнама ҚР барлық азаматтарына қатысты қолданылады. Сондықтан, ешбір азамат сыбайлас жемқорлық тудыратын әрекеттерге бармауы тиіс, және сондай жағдай туындаған жағдайда тиісті уәкілетті органдарға хабарлауға міндетті болып табылады.

Мемлекеттің өсуі мен өркендеуінің негізгі кілті – қарқынды дамыған берік экономика. Ал экономиканың ілгері басуын тежейтін басты қарсы құрал ол – сыбайлас жемқорлық болып табылады. Соған сәйкес, әрбір мемлекеттік орган, жалпы қоғамның кез-келген структурасы өз жұмысы барысында жемқорлықпен күрес бағытында әрдайым белсенді жұмыстар жүргізіп, халық арасында, өз қызметкерлері арасында арнайы түсіндірме жұмыстары мен жемқорлық іс әрекет тудыратын мәселелердің алдын алу және тиым салу бағытында ұдайы жұмыс атқарып отыруы тиіс.

2020 жылы Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан басқарма қызметкерлері және Салық төлеушілер арасында   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дөңгелес үстелдер, сауалнамалар түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

Әрбір саналы ұрпақ елім, халқым, ұлтымның болашағы деп санасымен сезініп, қызметін адал, жауапкершілікпен атқара білсе, және өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, үлгі көрсете білсе, бұл біздің еліміздің жемқорлықсыз қарқынды дамуына қосқан себелі үлесіміз деп білеміз.

 

Атырау қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

басшысының орынбасары Р. Қ. Булеков