Date of publication: 29.01.2020 18:04
Date of changing: 29.01.2020 18:35

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу тәртібін оңтайландыру және оңайлатуға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсету»

Бүгінгі күнде мемлекеттік кірістер органдарымен 45 мемлекеттік қызметтер (бұдан әрі-МҚ) көрсетіледі. Оның ішінде, 32 МҚ (71,1%) автоматтандырылған – 26 МҚ «электрондық үкімет» порталы арқылы іске асырылады.
Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен 2019 жылдың ішінде барлығы 984793мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Оның ішінде, электронды түрде – 933262(немесе 94,8%), қағаз түрінде – 51531(немесе 5,2%) қызметі көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңтайландыру және оңайлатуға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді эксаумақтық ұстанымда көрсету енгізілді.
Бұл дегеніміз,қызмет алушының тіркеу есебінің орнына байланыстырмай мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілу, яғни қызмет алушыда әрбір мемлекеттік кірістер органында қызмет алу мүмкіншілігі бар – «мемлекеттік қызмет көрсетудің эксаумақтық принципі» (бұдан әрі – эксаумақтық).
Бұнда 12мемлекеттік көрсетілетін қызметтер таңдалған.

01 Жеке практикамен айналысатын адамды тiркеу есебi
02 Салық төлеушілерді тіркеу
03 Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру
04 Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру
05 Қазақстан Республикасының резинденттігін растау
06 Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)
07 Салықтық есептілікті қабылдау
08 Салықтық есептілікті керi қайтарып алу
09 Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
10 Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару
11 Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту
12 Бюджетпен есеп айырысулар жай-күйі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша жеке шоттан үзінді көшірме беру

Мемлекеттік көрсетілетін 2 қызмет ең көп сұранысқа ие:
- Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
- Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру.
Мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылының жалпы бизнес процесі «мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «эксаумақтық» ұстаным бойынша көрсету кезінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл тәртібінде» көрсетіледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік кірістер органдарыныңҚызмет көрсету орталығының қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардан келу тәртібімен табыс етілген кіріс құжаттарын Стандарттармен Регламенттің талаптарына сай қабылдап, ұсынылған құжаттардың қабылданғаны жөнінде белгі қойылады.
Қабылданған құжаттар 30 минут ішінде өндеуге жауапты қызметкерге беріледі.

А.Тойбазарова
Атырау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Мемлекеттік қызметтер көрсету
Басқармасының басшысы