Date of publication: 13.01.2020 13:12
Date of changing: 13.01.2020 13:13

Салық төлеушілердің назарына

 

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1370 бұйрығына сәкес жаңа бюджеттік сыныптама коды (әрі қарай БСК)  бекітілген 101111  «Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы».

Сонымен қатар 101110 БСК «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы» ерекшелігі мынадай редакцияда жазылған:

101110 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы".

Осыған байланысты 101110 БСК-на ірі кәсіпкерлік субъектілерінен – заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы төленеді, 101111 БСК-на Ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы төленеді.

Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің 30.12.2019 жылы № 309 бұйрығымен бекітілген. (  atr.kgd.gov.kz сайтына жүктелген).