Date of publication: 19.12.2019 13:24
Date of changing: 19.12.2019 13:34

Атырау облысы бойынша МКД жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы ең төменгі жалақының 1,4 есе мөлшерінен 5% мөлшерінде белгіленгенін хабарлайды (2020 жылға ЕТЖ-42 500 теңге), бұл салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрғаннан немесе салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылғаннан басқа кез келген ЖК үшін айына 2 975 теңгені құрайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеу бойынша міндеттеме жеке тұлғалар үшін - ең төменгі жалақының 5% - ы-2 125 теңге мөлшерінде пайда болады.
Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, онда ол бәрібір өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, өйткені Мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрады.