Date of publication: 21.11.2019 18:28
Date of changing: 21.11.2019 18:32

 

Тауарлардағы электрондық сауда

 

Тауарлардағы электрондық сауда тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі) 1-бабының 65) тармақшасымен айқындалған.

Тауарлармен электрондық сауда бұл – бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:

тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса;

тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе;

тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік және (немесе) пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен шарттар болса, интернет-дүкен және (немесе) интернет-алаң арқылы ақпараттық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

Салық кодексінің 1 баптың 29) және 30) тармақтарымен интернет-алаң және интернет-дүкен тұжырымдары берілген:

интернет-алаң – тауарлармен электрондық сауданы ұйымдастыру бойынша делдалдық қызметтер көрсететін, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе;

    интернет-дүкен – тауарларды өз интернет-ресурсында өткізуге арналған, Интернетте орналастырылған ақпараттық жүйе;

Сонымен бірге Салық кодексінің 88-баптың 1 тармақтың 10) тармақшаның бойынша тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне қоюға жатады.

Сонымен қатар тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілердің жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 88 бабы 4 тармағымен айқындалатын тәртіппен, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.

Осы хабарлама салық органына жекелеген қызмет түрін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

Бұдан басқа, Салық кодексінің 89 және 90-баптарында белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру, сондай-ақ оларды тіркеу туралы жазбалардан шығару тәртібі белгіленген.