Date of publication: 06.08.2019 09:41
Date of changing: 06.08.2019 09:50

 

 

ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА

 

      «Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2017  жылғы   25 желтоқсанындағы № 120-VI Кодексінің (бұдан әрі-Салық Кодексі)  560  бабтың 1 тармағына  сәйкес, жер учаскесiн уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға), пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған лицензия негізінде жер қойнауы учаскесін алған тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Салық  Кодексінің 564 бабына  сәйкес,төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі төлемақы уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған шарттарының негізінде есептеледі.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.

 Салық кезеңі басталғаннан кейін уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан  заңды тұлғалар мен дара  кәсіпкерлер, шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей 851.00  нысанындағы  салық  есеп-қисаптарын табыс етеді.

  Салық  Кодексінде  белгіленген  мерзімінен  кешіктіріліп  табыс  етілген  салық  есеп-қисаптары  үшін  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы»  Кодексінің  272  бабының  1  және 2 бөліктерімен  көзделген  әкімшілік жаза қолданылады.

Заңды тұлғалар мен  дара  кәсіпкерлер 851.00 нысанының  деректерін  толтыру  кезінде толық  және  дұрыс  толтыруы  қажет.

  Айта  кететін  болсақ,  салық  төлеушілердің  басым  бөлігінен  851.00  есепті  жасау  кезінде 851.01 қосымша  нысанындағы  деректерді  толық  немесе  дұрыс толтырылмай, кемшіліктер жіберіледі.

   851.01 қосымша нысанын  уақытша  өтеулі  жер  пайдалану  құқығындағы  әрбір жер  учаскесі  үшін  бөлек  толтырылады.

        851.01 қосымша  нысанын  толтыру  кезінде жер заңнамасына сәйкес жер учаскесінің тиісті санаты, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі, жалға алу шартының қолданылу мерзiмi, жер учаскесін нысаналы пайдаланудың тиісті түрі, салық кезеңінде жер учаскесін пайдаланған күндер саны, жер учаскесінің жалпы ауданы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасының мөлшері, бюджетке төлеуге жататын жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының сомасы көрсетілуі  қажет.

Салық  есептілігін толық  немесе  дұрыс  толтырылмаған  жағдайда, Салық  кодексінің  96 бабының  1 тармағына  сәйкес камералдық  бақылау  нәтижелері  бойынша анықталған  бұзушылықтар  туралы  хабарлама  рәсімделіп, салық төлеушіге жолданады.  Осы  хабарламаны  алған  күннен  бастап  отыз жұмыс  күн  ішінде  салық  төлеуші орындауы  тиіс.  Хабарлама  орындалмаған  жағдайда Қазақстар  Республикасының Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  Кодексінің 288 бабының 1 және 2 бөлігінде  көзделген  әкімшілік  жаза  қолдануға  әкеп соғады.

 Жеке  тұлғалар  төлемақы  сомаларын  есепті  салық  кезеңінің  25 ақпанынан  кешіктірмей  төлейді.

 

Н.Д.Орунбаева

Атырау  қаласы  бойынша 

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының

бас  маманы