Date of publication: 24.07.2019 13:58
Date of changing: 24.07.2019 15:16

 

 

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Жеке тұлғаларға салық рақымшылық жасау туралы Заң күшіне енді

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті облыс тұрғындарына 2019 жылдың 16 шілдесінде салық бойынша өсімді есептен шығару арқылы жеке тұлғаларға салық рақымшылық жасау туралы Заң күшіне енгенін хабарлайды.

Әрбір азамат ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген өсімпұлдарды есептен шығару бойынша осы науқанды пайдалана алады.

Өсімпұлды есептен шығару жеке тұлғада бар барлық салық міндеттемелері бойынша жүргізіледі. Негізінен, бұл жеке тұлғалардың меншігіне салынатын салықтар – жер, мүлік, көлік құралдары, сондай-ақ мүлікті сату кезінде құн өсімінен мүліктік табыс алумен байланысты жеке табыс салығы бойынша міндеттемелер.

Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады. Салық төлеушілерге бұл үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, мемлекеттік кіріс органдары күн сайын жеке тұлғалардың дербес шоттарының жай-күйіне мониторинг жасайтын болады және олар 3 жұмыс күні ішінде негізгі борышты төлеген кезде өсімпұлды есептен шығару туралы тиісті шешім шығарады.

Егер салық төлеуші ағымдағы жыл ішінде өткен жыл үшін негізгі борыш пен салықтар бойынша өсімақыны төлеуді жүргізген жағдайда, өсім сомасы қайтаруға жатады.

Ағымдағы жылдың басынан уәкілетті органдармен деректер базасын салыстырып тексеру, сондай-ақ салық төлеушілердің дербес шоттарын өзектендіру мақсатында есептеулердің толықтығы мен дұрыстығы мәніне Дербес шоттарды түгендеу жүргізілді.

Осыған байланысты, осы рақымшылық жасаудың маңызды шарасы жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын, бірақ кәсіпкерлік қызметтен алынатын салықтар бойынша берешегі бар жеке тұлғаларға салық берешегін есептен шығару мүмкіндігі болып табылады.