Date of publication: 06.05.2019 19:16
Date of changing: 06.05.2019 19:22

 

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталы

2019 жылғы 27 наурызда пилоттық режимде экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталы пайдалануға берілді. Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті БҰҰ Сауда және даму конференциясымен (ЮНКТАД) бірлесіп іске асырады.

"Бірыңғай терезені" енгізудің арқасында СЭҚ қатысушыларына қандай да бір құжаттар мен рұқсаттарды жинау үшін әртүрлі инстанцияларға барудың қажеті жоқ. Кедендік рәсімдерді өткізу процестері жеңілдетіледі және жеделдетіледі, СЭҚ қатысушыларының уақытша және құндық шығындары қысқартылады. 

Шешімдер қабылдау кезінде адам факторын алып тастау сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға, кеден және басқа да мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

"Бірыңғай терезе" порталының көмегімен СЭҚ қатысушылары экспорттық-импорттық операцияларды жасау үшін қажетті ақпаратты Бірыңғай интерфейс арқылы стандартталған түрде бере алады. Сонымен қатар, портал тауарларды әкелу/әкету үшін қажетті ақпаратты алдын ала алуға мүмкіндік береді. "Бірыңғай терезе" арқылы импорттық-экспорттық операциялар үшін барлық рұқсат беру құжаттарын алу, орындалу мәртебесін, оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау есебінен қадағалау мүмкіндігі ұсынылатын болады.

"Бірыңғай терезе" порталының базалық элементтері»:

* Электрондық рұқсат беру құжаттарын және лицензияларды алу;

• Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алу бойынша электрондық қызметтер;

* Электрондық кедендік декларациялау;

• Кедендік алдын ала шешімдерді беру бойынша электрондық қызметтер;

* Интеграцияланған кедендік тариф;

* Құжаттар анықтамалары мен тізілімдері;

* Нормативтік-құқықтық құжаттарды іздеу және қарау • 

 

Экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" порталының үй бетінің мекенжайы – www.eokno.gov.kz (www.sw.gov.kz).

 

Кедендік бақылау басқармасы

Атырау облысы бойынша МКД

тел. 31-60-61