Date of publication: 11.04.2019 12:14
Date of changing: 11.04.2019 12:18

 

АЛЫМДАРДЫ ТӨЛЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА!!!!!

 

«Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы»  Қазақстан  Республикасының  25.12.2017 жылғы № 120-VI (2019 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша) Салық кодексінің 550 бабына  сәйкес,алымдар туралы міндетті төлемдер.

  Салық органдары және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар:

1) тіркеу әрекеттері;

2) рұқсат құжаттарын немесе олардың телнұсқаларын беру бойынша әрекеттер жасалған кезде алатын, бюджетке төленетін бір реттік төлемдер алымдар болып табылады.

Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін рұқсат құжаттары деп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган беретін, рұқсаттарға қатысы жоқ келісімдер де түсініледі.

 Осы тараудың мақсаттары үшін тіркеу әрекеттері деп уәкілетті мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мынадай әрекеттер жасауы түсініледі:

 заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

 жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

 жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу;

 ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу;

 көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тіркеу;

 авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ оларды қайта тiркеу;

теле- радиоарнаны, мерзiмдi баспасөз басылымын, ақпараттық агенттiкті және желілік басылымды есепке қою;

 микроқаржы ұйымдарын есептік тiркеу.

 Алымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мынадай құжаттарды немесе олардың телнұсқаларын берген кезде алынады:

 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жататын белгілі  бір қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар;

 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін беретін рұқсат құжаттары, келісімдер;

автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін берілетін рұқсат құжаттары (бұдан әрі – автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым):

халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шығуы;

халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы),  Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;

ірі габаритті және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өтуі;

 байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын  уәкілетті мемлекеттік орган (өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелерден басқа) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға беретін рұқсаттар;

азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды және авиация қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігіне беретін сертификаттар;

 Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға (оны ұзартуға) рұқсаттар.

 Жасау кезінде алым алу көзделген тиісті әрекеттерді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алым сомаларын есептеуді және есепке жазуды жүргізеді, сондай-ақ есептелген (есепке жазылған) алымдардың толық алынуы, бюджетке уақтылы төленуі үшін, сондай-ақ осы баптың 5-тармағына сәйкес мемлекеттік кіріс органдарына берілетін мәліметтердің анықтығы үшін жауапты болады.

Осы кодекстің  552 бабына сәйкес алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және уәкілетті мемлекеттік органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.

 Тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.

 Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен не уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.

Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады. 

Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уәкілетті мемлекеттік органның бизнес-сәйкестендіру нөмірі қойылады.

Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы және халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында  айқындалатын тәртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.  

 

Н.Д.Орунбаева

Атырау  қаласы  бойынша 

Мемлекеттік  кірістер  басқармасының

бас  маманы