Date of publication: 28.11.2018 12:10
Date of changing: 29.11.2018 11:02

 

    

22 қараша күні Индер ауданы мәдениет үйінде  «Бірыңғай партия күні» аясында аудан кәсіпкерлерімен, салық төлеушілермен ашық сұхбат кездесу өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының басшылық құрамымен қатар Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Борыштармен жұмыс басқармасының басшысы Сарманов Нұрболат Әлібекұлы  қатынасты. Кездесуде жемқорлыққа қарсы  «нөлдік төзімдікті» қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қауіпсіз орта жүйесін жетілдіру туралы айтып өтті.
Кәсіпкерлерге салық заңнамаларын, салық есептілігі мен процедураларын, банкрот рәсімі, онлайн БКМ (ККМ), электронды сауда бағыттары сөз қозғады. Жұртшылыққа тақырып  бойынша бейне роликтер пен слайдтар көрсетілді.

Атырау облысы бойынша МКД.