Date of publication: 16.11.2018 12:43
Date of changing: 20.11.2018 12:03

 

«Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үшін жазаланды»
 

            Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыттарының бірі заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-әрекет ету болып табылады.

         Ағымдағы жылы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, «Ж» есімді азаматша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.

         Анықталғандай, «Ж» есімді азаматша Атырау қаласының «Алмагул» шағын ауданы №24 «Б» ғимаратында орналасқан «Рахат» кафесінің ішіненқандай да бір тиісті рұқсат құжаттарсыз заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, ірі мөлшерде табыс табу мақсатында ауырпалығы орташа қылмыс жасаған.

         Аталған дерек бойынша, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметімен ҚР ҚК 307-бабының 2-бөлігі 3-тармағы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысындажалпы саны 15 данаоның ішінде, "Haier" 4 (төрт), "Philips" 2 (екі), "Elenberg" 1 (бір), "Isin" 2 (екі) және "Delux" 1 (бір), "LG" 1 (бір), "Isin" 2 (екі) және "Delux" 1 (бір), " LG " 1 (бір)," "Samsung" маркалы мониторлар 1 (бір), термопринтер 1 (бір), компьютерлік пернетақта 1 (бір) және видеорегистратор 1 (бір) компьютерлік жабдықтар тәркіленді.

         Қазіргі уақытта, №2 Атырау қалалық сотының үкімімен «Ж» есімді азаматша ҚР ҚК 307-бабы 2 - бөлігі 3 – тармағымен көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 (екі) жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, 2 (екі) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

         Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, егер Сізге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі мәлім болса немесе  ақпараттар болған жағдайда Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7122) 35-42-10, 31-60-59 телефон нөмірлері арқылы хабарлауыңыз сұралады.

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің

 Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы