Date of publication: 25.04.2018 15:31
Date of changing: 25.04.2018 15:35

 

ҚР « Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңына 2018 жылы енгізілген өзгерістер жөнінде төмендегідей баяндайды.

Салық төлеуші мынадай арнаулы салық режимдерінің біреуін:

1) шағын бизнес субъектілері үшін мыналарды:

патент негізіндегі арнаулы салық режимін;

оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін;

тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін қамтитын арнаулы салық режимдерін;

           2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерін:

шаруа немесе фермерлік қожалықтар үшін арнаулы салық режимін;

ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы Кодекстің 703-бабының       4-тармағында белгіленген жағдайда бір мезгілде екі арнаулы салық режимін қолдануға құқылы.

3. Патент жеке табыс салығын төлеу фактісін (төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік төлемдерді растайтын электрондық құжат болып табылады.

Салық кодексінің 680 бабында, арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін:

1) патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке табыс салығын;

2) оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану кезiнде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты, корпоративтiк немесе жеке табыс салығын;

3) арнаулы салық режимiн тіркелген шегерімді пайдалана отырып қолданған кезде төлем көзiнен ұстап қалатын салықтарды қоспағанда, жеке немесе корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша салықтық есептiлiкті есептеу, төлеу және табыс ету жалпы белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

2. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша осы салықты есептеу, ұстап қалу және оны аудару бойынша салық агентінің міндеттемелерін осы Кодекстің
38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші төлем көзінен салық салынуға жататын кірістерден жеке табыс салығы бойынша салықтық есептілікті осы Кодекстің 38-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

           Арнаулы салық режимiн қолданудың шарттары төмендегідей:

          

Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сәйкес келетін:

1) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі жұмыскерлердiң орташа тізімдік саны:

оңайлатылған декларация негізінде – 30 адамнан;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – 50 адамнан аспайтын;

2) арнаулы салық режимi үшiн салықтық кезеңдегі кірісі:

патент негiзiнде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 300 еселенген мөлшерінен;

оңайлатылған декларация негізінде – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 2 044 еселенген мөлшерінен;

тіркелген шегерімді пайдаланумен – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын;

3) мынадай қызмет түрлерін:

акцизделетін тауарлар өндiруді;

акцизделетін тауарларды сақтауды және көтерме саудада өткiзуді;

мұнай өнiмдерiнің жекелеген түрлерін – бензинді, дизель отынын және мазутты өткiзуді;

лотереялар өткізуді;

жер қойнауын пайдалануды;

шыны ыдыстарды жинауды және қабылдауды;

түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауды (дайындауды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткiзуді;

консультациялық қызметтер көрсетуді;

бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті;

сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің қаржы, сақтандыру қызметін және делдалдық қызметін;

құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті;

қаржы лизингі шеңберіндегі қызметті жүзеге асырмайтын салық төлеушілер қолдануға құқылы.

3. Агенттiк шарттар (келiсiмдер) негiзiнде қызмет көрсететiн дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға құқылы емес.

 

Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 30-34-95