Date of publication: 19.01.2018 17:30
Date of changing: 19.01.2018 17:59

 

Атамекен» ҰКП-да кәсіпкерлік субъектілерін жеке қабылдау

 

18 қаңтар күні Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  басшысының орынбасары (Экономикалық тергеу қызметі бойынша) Даулет Ертайұлы Ақылбековтың «Атамекен» ҰКП Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасында  шағын  және орта бизнес  өкілдеріменен кездесуі және   жеке қабылдау  шарасы   ұйымдастырылды.

Қабылдау барысында кәсіпкерлер, Атырау облыстық  Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері тарапынан   мемлекеттік кірістер органы, оның ішінде салық  блогы және экономикалық тергеу қызметінің құзіретіне қатысты сұрақтар қойылып, түпкілікті нақты жауаптар берілді.

Сонымен қатар, салық және экономикалық қауіпсіздік турасында проблемалық сұрақтар талқыланды.

Жеке қабылдау кезінде кәсіпкерлерге салық заңдылықтары, көлеңкелі экономика және экономикалық қылмыстарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер бойынша кеңінен түсіндірме берілді.

Кездесу сонымен қатар Атырау облысы бойынша МКД Мемлекеттік қызметтер көрсету және Камералдық бақылау  басқармаларының қызметкерлері  де қатысты.

Жеке қабылдауды  аяқтай келе, Д.Е.Ақылбеков  аудан орталықтарында кәсіпкерлік субъектілернің қатысуымен ҚР нормативтік-құқықтық актілерін түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жандандыру бағытында өзара қарым-қатынасты күшейту жөнінде ұсыныс берді.

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің

Экономикалық тергеу қызметі