Date of publication: 04.06.2015 18:47
Date of changing: 04.06.2015 18:49

          Атырау облысы бойынша МКД-нің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасымен  ХҚКО-нда  «дөңгелек үстел» өткізілді

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі  № 1012 қаулысымен  бекітілген  Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды іске асыру жөніндегі 2014- 2015 жылдарға арналған жол картасының 25 тармағымен  халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) арқылы салықтық өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ету, бұл ретте құжаттарды өңдеуді салық органдарына қалдыру қарастырылған.

 

ХҚКО  арқылы баламалы түрде 5 қызметті көрсетуді 2015 жылдың 20 мамырынан, 5 қызметті 2015 жылдың 1 маусымынан бастап көрсету жоспарланған.

         2015 жылдың 25 мамыры күні мемлекеттік қызметтерді сапалы және мерзімінде көрсетілуі мақсатында халыққа қызмет көрсету орталығының басшылары мен мамандарының қатынасуымен Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының  басшысы  Э.Ғ.Искалиева, бөлім басшылары А.Ж.Рахметов, Г.Х.Кошалиева, басқарманың бас мамандары Г.П.Ертелеуова, А.Калыбаевалардың жүргізуімен техникалық оқу, дөңгелек үстел өткізіліп, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері және тәртібі жөнінде  туындаған сұрақтар талқыланып, жауаптары берілді.