Date of publication: 14.06.2017 11:06
Date of changing: 14.06.2017 12:50

Азаматтардың төлемге қабілеттілігін

қалпына келтіру мәселелері бойынша, заң жобасына талқылау жүргізу

семинары өтті

 

Бүгін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (одан әрі - МКД), «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ң Заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша семинар өтті. Семинарға барлық тілек білдіруші салық төлеушілер, екінші деңгейлі банктерде қарызы бар және басқа да ақшалай міндеттемелері бар борышкерлер, Атырау облыстық департаментінің басқармалары және Атырау қаласы мен аудандардың мемлекеттік кірістер басқармаларының мамандары мен басшылары қатысты.

Кездесуді кіріс сөзбен МКД басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Г.Б.Даулетова бастап ашып, қатысушыларды өткізіліп отырған семинардың мақсатымен таныстыра отырып, кезекті сөзді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдеріне берді.

Мемлекеттік кірістер комитетінің Борышкерлермен жұмыс басқармасының  бас эксперті М.К.Сисембаева  «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы»  Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу негізі, Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Қазақстан халқына деген Жолдауындағы жеке тұлғалар банкроттығының нақты және түсінікті рәсімдерін әзірлеу туралы тапсырмасы болып табылатынын айтып кетті.

Одан әрі ол «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» Заң жобасының негізгі қағидалары соттан тыс және сотты рәсімдерінің комбинациясын карастыратын, олар өз кезегінде жиынтығында азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің бірыңғай процессін құрайтындығын баяндап берді.

Сосын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің борышкерлермен жұмыс басқармасының  басшысының орынбасары Е.Ю.Мотовилова,  Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру механизміне, заңдық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу жолымен, заңдық күші бар заңнамаларды синхрондау және шектен тыс борышкер азаматтарды реттеудегі өңделген рәсімдер жайында  толықтай баяндап берді. Сондай-ақ сөйлеу барысында слайдтар ұсынылды.