Date of publication: 14.04.2017 12:28
Date of changing: 14.04.2017 12:52

Баспасөз-конференциясы өткізілді

 Бүгін, 13  сәуір күні «Орталық коммунакациялар қызметінің» Атырау филиалында өткізілетін Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің баспасөз-конференциясы өткізілді.  Бұл шараны Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі  - МКД) басшысының орынбасары М.Қ.Кувандыков ашып, Еуразиялық экономикалық одағы Кеден кодексі жобасының новеллалары туралы баяндады.

Сонымен қатар, баспасөз конференцияда  Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы З.К.Заңканов 31.01.2017ж. Жолдаудың 5 басымдығын іске асырудағы облыстың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын болдырмау және  алдын-алу мемлекеттік кірістер органдарының жұмысы туралы  баяндама жасады.

Содан кейін МКД-ң  №1 Камералдық  бақылау бөлімінің басшысы Ә.Н.Тулепова Шетелдік қаржыландыру туралы және Қосылған күн салығын әкімшілендіру және аудит бөлімінің басшысы Кадиров И.Қ. электрондық шот-фактурамен жұмыс туралы ақпарат берді.

Өткізілген шараға Түсіндіру жұмыс басқармасы басшысы Б.Д.Юсупов қатысты.

 

Атырау облысы бойынша МКД