Date of publication: 29.04.2015 17:43
Date of changing: 29.04.2015 18:03

 

Конкурс жарияланды!!!

 

         Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті салық және кеден сауаттылығын дамыту мақсатында, «1 маусым- Балаларды қорғау күні» мерекесіне орайластырып, балалардың арасында суреттер бойынша байқау жариялайды .Байқау болашақ ұрпақтың бюджетке міндетті бекітілген төлемдерді, алымдар мен баждарды төлеу міндеті мен түсініктеріне оң көзқараста насихаттау жүргізу, балалар арасында салықтық сауаттылықты дамыту, «мемлекет», «салық жинаушы органдар», «кеден», «бюджет», «салық», «кедендік төлемдер» және оларды бөлу мағыналары бойынша  балалардың түсінігін және оларды елестету деңгейін анықтау қажет. Байқауға 9-жасқа дейінгі, 9-жастан 12-жасқа дейінгі және 12-жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады. Суреттерді автор өз қолымен салуы және кері жағынан, туындының атауы, орындалу техникасы, аты-жөні, байқауға қатысушының жасы, творчестволық жетістіктері мен хоббиі көрсетілген қысқаша өмірбаяны, оқу орнының атауы, мекен-жайы, байланыс телефондары көрсетілуі тиіс.

 

Көрсетілген шарттардың бірі орындалмаған жағдайда, сурет байқауға қатыстырылмайды. Суреттерді кез-келген материалда (ватман, картон, холст) және кез-келген техникада (майлы бояу, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер) салуға болады.Байқауға ұсынылған суреттер А4 немес А3 форматынан кем болмауы тиіс.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 4 орта мектепте, интернат-үйінде және өнер академиясы мектебінде болып, конкурс Ережесінің талаптарын түсіндірді.Конкурске әр тілек білдіруші қатыса алады.

Байқауға жолданған суреттерді әділ-қазылар алқасы, құрамында әкімшілік қызметкерлері, бейнелеу өнері эксперті және МКД басшылары бағалайды.20 мамырға дейін қорытындылары шығарылып, 10 үздік жұмыс суреттері ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне жолданады және көрмеге қойылады.

Конкурсқа суреттер 2015 жылғы 11 мамырға дейін, Атырау қаласы, Абай көшесі-8 үй. (Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимараты) мекен-жайына тапсырылуы қажет. Тел. 324490.

 

Мемлекеттік кірістер департаменті