
Азаматтар мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылардың назарына!!!
«Центр Профи Казахстан» ЖШС-ның өтінішіне сәйкес, тұрғындардың кедендік декларациялау бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында, «Центр Профи Казахстан» ЖШС-ның кедендік декларациялау бойынша өткізіп жатқан оқу курстары туралы азаматтар мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушылардың назарына жеткіземіз.
«Центр Профи Казахстан» ЖШС он жылдан астам уақыт кезеңінде Астана және Алматы қалаларында ай сайын кедендік заңнама бойынша оқу курстарын өткізіп келеді.
Оқу курстарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер органдарының жоғары білікті қызметкерлері мен консалтингтік және брокерлік ұйымдардың мамандары жүргізеді.
«Центр Профи Казахстан» ЖШС-ның өткізетін курстары азаматтар мен сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қолданыстағы кеден заңнамасын игеріп, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды тасымалдау кезінде шығындарды үнемдеуге ықпал етеді.
Туындаған барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +77172643248, +77172249498 и +77084256578.