Жарияланған күні: 23.07.2018 12:04
Өзгертілген күні: 23.07.2018 12:08

 

Украинадан Қазақстанға Ресей Федерациясының аумағы арқылы жекелеген тауарларды автомобиль және теміржол көлігімен халықаралық транзиттік тасымалдауға рұқсат етілді

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтінішіне сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметінің 2018 жылғы 10 шілдедегі № 1412-р өкімімен Украинадан Қазақстанға Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауға рұқсат берілген тауарлардың Тізбесі анықталды. Аталған Тізбеге қазақстандық тауар алушылар мен украиндық жүк жөнелтушілердің белгілі бір тауарлары енгізіліп, олардың атаулары мен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес кодтары, техникалық сипаттамалары мен тасымалдау көлемі бекітілген.

Бұрын Ресей Федерациясы Президентінің 2016 жылғы 1 қаңтардағы № 1 жарлығымен Ресей Федерациясында Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифімен бекітілген нөлден өзгеше импорттық кедендік баждардың ставкалары қолданылатын тауарларды, сонымен қатар Ресей Федерациясының Үкіметімен бекітілген ауылшаруашылық өнімдері, шикізат және азық-түліктердің тізбесіне енгізілген тауарларды тасымалдауға уақытша тыйым салынған болатын. Осы Жарлықпен көзделгендей, Қазақстан Республикасының Үкіметі өтініш жасаған жағдайда Ресей Федерациясының Үкіметі жоғарыда аталған тауарларды тауарларды тасымалдауға рұқсат етеді делінген.

 

 

Кедендік бақылау басқармасы