Жарияланған күні: 01.09.2015 19:00
Өзгертілген күні: 01.09.2015 19:03

Салтанатты жиналыс өткізілді

 

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 28 тамызда Конституция күніне арналған салтанатты жиналыс өткізіледі.

Жиналысты ашқан Департамент басшысы Мәди Төкешұлы Такиев, барлық қызметкерлерді Конституцияның 20-жылдығымен  құттықтады.

Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы  Батырбек Данбасұлы Юсупов  «Конституция өркендеуге жол ашты» тақырыбында мерекелік баяндама жасады. 

Ұлы мереке қарсаңында Мемлекеттік кірістер департаментіні  жұмысқа жаңадан келген   мамандар мемлекеттік қызметшінің Антын қабылдады. Жас мамандарға салық қызметінің ардагері  Аманқұл Тілеуғалиұлы өз тілегін жолдап, кітабын сыйлады.

Елімізде  «Мектепке жол-2015» қайырымдылық акциясы өтіп  жатыр, осынау маңызды шараға біздің Департаменттің қызметкерлері де белсене атсалысуда. Шараның басты мақсаты  - тұрмыстық жағынан аз қамтылған отбасыларындағы балаларды оқу құралдарымен, киім-кешекпен, басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету. Департаменттің қонағы  болған №4 орта мектептің 2 сынып оқушысы Көпболсын Мейрамгүлге  Департамент атынан мектеп формасы, қысқы киимдер, мектепке қажетті құралдары алып берілді, семьяларына материалдық көмек көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің   2015 ж. 5  тамыздағы Жарлығымен Департаменттің 3 кызметкері Батырбек Юсупов, Асқар Сарсекенов, Каһарман Жардемов «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградталды. Сонымен қатар, бірнеше қызметкер ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің бұйрығымен марапатталды.

Жиналыс соңында ардагерлер атынан сөйлеген Интенгенова Насюта Сарғайқызы Конституция күнімен құттықтап, алғыс білдіріп, жұмыста табыс тіледі.

 

Түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы   Айслу Телеушева