
«Қашаған» кеден бекетінде «Ашық есік» күні өткізілді
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қашаған» кеден бекетінде өткен «Ашық есік» шарасын бекет басшысының м.а. Ұлан Садуахасов кіріспе сөзбен ашып, осы құрылымдық бөлімшенің ашылу мақсатына тоқталып, «Қашаған» кеден бекеті, Солтүстік Каспий кен орнын игеруде «Болашақ» зауыты құрылысы үшін импорттық-экспорттық операцияларды жүргізу мақсатында ашылғанын айтты.
Содан кейін бекеттің жұмыс көрсеткіштеріне тоқталды, мысалы, 2016 жылдың қаңтар-маусым айы ішіндегі сыртқы сауда айналымы 298 млн.АҚШ долларын құрады, өткен 2015 жылы - 171 млн.АҚШ долларын құраған.
Сонымен қатар, бекет басшысының м.а. өз сөзінде қатысушыларға «100 нақты қадам - Ұлттық жоспарының» басты мақсаттарымен таныстырды және осы жоспарда көзделген 5 реформаның барлығы Қазақстанның дүние жүзінің дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған жаңа идеялардың іске асуына мүмкіндік беретінін айтты. Бес реформа да өмірдің барлық саласын қамтиды. Мәселен, 37-46 бөлім кедендік рәсімдеуді оңтайландыру мен салық және кедендік әкімшілендіруге тікелей бағытталған және бұл қадамдардың салық және кеден жүйесін интеграциялау реформасының жалғасы екенін атап өтті.
Одан әрі Қашаған кеден бекетінің бас маманы Ж.Құрманова «Тауарларды алдын ала кедендік декларациялау» туралы баяндап, Қазақстан Республикасының 30.06.2010ж. №296-IV«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 291-бабына сәйкес, тауарларды алдын ала кедендік декларациялау күнделікті жұмыс барысында кездесетін тауарларды алдын-ала кедендік декларациялау туралы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларына түсінтер берді.
«Тауарларды шартты түрде шығару» тақырыбы бойынша бекет басшысының м.а. Ұ.Садуахасов баяндама жасады. Тауарларды шартты түрде шығару – бұл тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулермен ұштасқан кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу бойынша берілген жеңілдіктер.
Әрі қарай ол Атырау облысы бойынша ірі 2 жоба, яғни «Тенгиз» және «Қашаған» жобалары жүзеге асырылып отырғанын, соның ішінде осы кеден бекетіне қатысты «Қашаған» жобасы дүние жүзіндегі ең ірі жобалардың бірі болып саналатынын айтты. Бұл жобаға қатысты қазіргі таңда «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» компаниясының филиалы сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретінде тауарларды кедендік тазартуға қатысады.
«Ашық есік» шарасына қатысқан Кедендік бақылау бөлімінің басшысы Қ.Якудин, қатысушыларға жалпы электронды түрде берілетін шот-фактурлардың ақпараттық жүйесі, Қазақстан Республикасының Дүние жүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты ЕАЭО шеңберінде тауарларды өткізуді әкімшіліктендіру шаралар және электрондық шот фактураларды рәсімдеу туралы түсінік берді. Әрбір келесі контрагент өзінің сатып алушысына ЖКД туралы мәлімет көрсетілген ЭШФ жазып беруге міндетті екенін айтты.
Шара барысында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар өздерін жиі толғандыратын, әрі жұмыс барысында жиі кездесетін сан алуан сұрақтарға нақты жауап алды.
Ұ.Садуахасова отырыс нәтижесінде жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар туралы айтып, кездесуді қорытындылап, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен кеден өкілдеріне келгендері үшін алғыс айтып, жұмыстарына жетістіктер тіледі.
«Қашаған» кеден бекеті