Date of publication: 25.05.2021 13:44
Date of changing: 25.05.2021 13:47

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі №417 бұйрығымен "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 665 бұйрығына өзгерістер енгізілді (бұдан әрі – Қағида) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 мамырда № 22679 болып тіркелді).

Сондай- ақ, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік орган мен өзіне қатысты осы мемлекеттік органның заңда белгіленген функциялары іске асырылатын адам арасында туындайтын жария-құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі –  ӘРПК) жаңа редакциясы күшіне енеді.

Кодексте жоғары тұрған органда және сотта мемлекеттік органдармен дауларды қарау кезінде азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне сапасыз жауаптар берген мемлекеттік қызметшілерге қатысты айыппұл санкциялары белгіленеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, мемлекеттік кірістер органдарына мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын барлық қызметкерлерді мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа қағидаларымен таныстыру, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзгерістерді және әкімшілік-аумақтық бірліктің нормаларын ескере отырып, көрсетілетін қызметті берушілердің іс-қимылдарына шағымдану тәртібі бойынша түсіндірулер жүргізуді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған жетекшілік ететін салалар бойынша оқытуды ұйымдастыру қажет.