Date of publication: 04.07.2016 17:06
Date of changing: 04.07.2016 17:08

Әскери  бөлімде болды

 

         2016 жылғы 01 шілдеде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі Профилактикалық жұмыстар басқармасының басшысы Қ.С.Жәрдемов, бөлім басшылары М.З. Жақсығұлов, Ғ. Х. Бисенғалиев азаматтарды, мекемелерді Экономикалық тергеу қызметіне жүктелген міндеттермен таныстыру мақсатындағы шаралар аясында № 41433  әскери  бөлімінің  басшылығымен кездесті.

         Кездесудің мақсаты  - мемлекеттік кірістер департаментімен, оның ішінде Экономикалық тергеу қызметімен атқарылған жұмыстармен таныстыру болып табылды.

Әскери бөлім қызметкерлерінің жоспарлы оқуға сәйкес полигондарда болуына байланысты әскери бөлімнің жеке құрамымен кездесу а.ж. шілде айының соңғы онкүндігіне жоспарланды. 

         Кездесу соңында №41433әскери бөлім командирі С.Н.Елубаев азаматтарға, оның ішінде әскери қызметкерлерге департаменттің экономикалық құқықбұзушылыққа қарсы жүргізілген шаралары бойынша түсіндіру бағытындағы  жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

 

Атырау облысы бойынша МКД