Тізбеге енген тауарлар айналымын әкімшілендіру мақсатында мобильдік топтардың қызметі жалғасуда
Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің 14.10.2015 жылғы №59 «Қазақстан Республикасына қатысты ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндетттемелерге сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кеден тарифінің баж мөлшемелерімен және сондай баждардың мөлшемелерімен салыстырғанда, анағұрлым төмен болатын мөлшерлемелер қолданылатын тауарлардың тізбесі туралы» шешімі (тауарлар тізбесі) қабылданды.
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына орай «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттамасы» (әрі қарай-Хаттама) 2016 жылдың 11 қаңтарында күшіне енді.
Аталған Хаттама тізбеге енгізілген тауарларлардың қозғалысын реттеу тәртібін қамтамасыз етеді.
Хаттаманың 3-бабы 11-тармағын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 09.12.2015 жылғы №640 «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара трансшекаралық саудасы шеңберінде жекелеген тауарларды, оларды өткізу кезінде есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы қабылданған (бұйрыққа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 718 бұйрығымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді).
Осы нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес, салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы №77 бұйрығымен бекітілген, Электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымының қағидаларында белгіленген тәртіпте:
бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, ЕАЭО СЭҚ ТН (ТН ВЭД) коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, ЕАЭО СЭҚ ТН коды және атауы Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген;
мыналарды:
бұрын үшінші елдің аумағынан әкелінген, Тізбеге енгізілген тауарларды;
ЕАЭО мүше мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды;
бір заңды тұлғаның шегінде тауарларды беруге байланысты, ЕАЭО мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткен кезде электрондық шот-фактураны жазып береді деп қарастырылған.
Осыған сәйкес, Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген кезде әр-бір келесі контрагент өзінің сатып алушысына тауарларға декларациялар және тауар әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00 нысан), сонымен қатар тауар Қазақстан Республикасында өндірілген жағдайда ТС-1 (тауардың шығарылған жері туралы сертификаты) мәліметтерін көрсете отырып, электрондық шот–фактура жазуға тиіс.
Экспорттық-импорттық операцияларды әкімшілендіруді күшейту мақсатында Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен құрылған мобильдік топтардың жұмыстары әлі күнге жалғасуда.
Қазіргі уақытта Атырау–Астрахань трассасында 264 автокөлік тоқтатылып, тексерілді. Оның ішінде 99-ы Ресейден Қазақстанға тауар импорттаушы автокөліктер болып табылады.
Бұл салық төлеушілерге тауар әкелген айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей 320.00 және 328.00 нысанды салық есептіліктерін табыс етіп, жанама салықтарын төлеу қажет және Тізбеге енгізілген тауарларды өткізген жағдайда міндетті түрде электронды шот-фактура жазуға тиіс екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар ДСҰ (ВТО) елдерінен төменгі кедендік баж тарифтерімен тауар тасымалдаған 13 салық төлеуші бойынша хронометраждық тексеру жұмыстары жүргізіліп, Тізбеге енген тауарлардың тек Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуына қадағалау жұмыстары жүргізілуде.
Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының
басшысы А.Тойбазарова
Телефон 451788